Того ойыншысы Премьер-лиганың бүгінгі кездесуінде “Еліімайдың” “Қайраттан” басым түсуіне көмектесті.
Премьер-лиганың 21-туры аясында “Қайрат” Орталық стадионда “Елімайды” қабылдап, қонақ командаға 2:3 есебімен жеңілді. Матч барысында Семей ұжымы сапынан Иван Свиридов 1 гол және Фессу Плакка 2 гол соқты.
Осылайша 30 жастағы тоголық “Қайрат” қақпасына осы маусымда екі гол соққан алғашқы футболшы болып тіркелді. Фессу ішкі чемпионатта бұған дейінде “Ұлытауға” қос гол соққан болатын.
Жалпы Плакка "Елімай" үшін осы маусымда 20 матч өткізіп, 7 гол мен 3 голдық пас берді.
Айта кетейік, семейлік команда келесі кездесуін 23 тамыз күні петропавлдық “Қызылжарға” қарсы өткізеді.