ФИФА президенті Джанни Инфантино алдағы футболдан әлем чемпионаттарының өткізілу мерзімін өзгерту ықтималдығы бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, турнирді дәстүрлі жаз айларында емес, наурызда немесе қазанда ұйымдастыру нұсқасы қарастырылып жатыр.
Инфантинаның сөзінше, бұл шешім ойыншылар мен жанкүйерлер үшін барынша қолайлы климаттық жағдай жасау қажеттілігінен туындаған.
"Егер біз матчтарды жайлы ауа райында өткізгіміз келсе, онда наурыз бен қазан айлары ең тиімді кезең. Бұл бағытта келіссөздер жүріп жатыр.” — деді ол Tribuna.com-ға берген сұхбатында.
ФИФА басшысы атап өткендей, қазіргі жаһандық футбол күнтізбесі жаңа жағдайларға бейімделуі керек. Себебі соңғы жылдары чемпионаттар жаз мезгілінде өткізуге тым ыстық аймақтарда өтуде.
2034 жылғы әлем чемпионаты Сауд Арабиясында өтетіні белгілі, бірақ оның нақты мерзімі әлі бекітілмеген. БАҚ деректеріне сүйенсек, турнир қыс мезгілінде, яғни 2035 жылдың қаңтарында өтуі мүмкін. Мұндай шешім 2034 жылы қараша мен желтоқсан айларына сәйкес келетін Рамазан айымен қабаттасуды болдырмауға мүмкіндік береді.
Егер бұл өзгеріс ресми түрде бекітілсе, бұл тарихтағы әлем чемпионатының екінші рет жаздан басқа уақытта өтуі болмақ. Бұған дейін мұндай жағдай 2022 жылы Қатарда болған еді, ол кезде турнир алғаш рет қыс мезгілінде ұйымдастырылған.