ФИФА футболшылардың азаматтық алу ережесіне өзгерістер енгізбек

20.08.2020, 16:41
Футболшы өзінің ұлттық құрамасы үшін 3 ойыннан көп өткізген болса, басқа елдің намысын қорғай алмайды.
ФИФА футболшылардың азаматтық алу ережесіне өзгерістер енгізбек

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) футболшылардың азаматтықты өзгерту ережесіне өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sportsnet.

Қазіргі уақытта ойыншылар бірінші ұлттық құрамасы үшін кем дегенде бір ресми матч өткізген болса, онда екінші құрама үшін ойнай алмайды. Дереккөздің хабарлауынша, жаңа ереже ойыншыларға 21 жастан кейін алғашқы ұлттық құрамада үш ресми ойын өткізбеген болса (турнирге іріктеу ойындары да жатады) басқа ел үшін ойнауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, Әлем кубогының финалдық турниріне немесе конфедерациялардың ақтық турниріне қатысқан ойыншылар үшін азаматтығын өзгерту мүмкін болмайды.

Жаңа ереже келесі айда күшіне енеді, егер 211 ұлттық федерация ережені FIFA-ның 18 қыркүйекте өтетін конгресінде мақұлдайтын болса.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×