ФИФА күнтізбені өзгертті. Қыркүйек пен қазан үзілістері біріктірілмек

16.09.2025, 11:00

ФИФА ресми сайтында маңызды жаңалық жариялады – 2026 жылдан бастап қыркүйек пен қазан айларындағы ұлттық құрама матчтарына арналған екі бөлек үзіліс біріктіріледі.

ФИФА күнтізбені өзгертті. Қыркүйек пен қазан үзілістері біріктірілмек

Жаңа тәртіпке сай, енді жыл сайынғы күзгі халықаралық үзіліс 21 қыркүйектен 6 қазанға дейін жалғасады. Осы аралықта құрамалар бұрынғыдай төрт матчтан артық ойнай алмайды.

ФИФА бұл шешімін ойыншылардың жарақат алу қаупін азайту және олардың жиі физикалық ауыртпалықтарға түспеуі үшін қабылдағанын мәлімдеді. Енді футболшылар жылына бір рет қана алыс сапарға шығып, ұлттық құрамаға қосылады, бұл клубтардың да, ойыншылардың да жұмыс ырғағын жеңілдетеді деп күтілуде.

Бұл өзгеріс 2026 жылдың күзінен бастап күшіне енеді және әлемдік футбол күнтізбесіне елеулі ықпал етпек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×