ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровқа ресми хат жолдады.
Хатта Инфантино “Қайрат” футбол клубын Қазақстан чемпионы атанғанымен шын жүректен құттықтайтынын атап өтті.
ФИФА басшысы әрбір ойыншы мен клуб мүшесін осы үлкен жетістікпен құттықтай отырып, “Қайраттыңх маусымдағы табысы мен еңбегін жоғары бағалады.
"Осы хат арқылы Қазақстанның чемпионын "Қайрат” футбол клубын құттықтауыма рұқсат етіңіз!
Маусым бойғы тұрақты еңбектері мен көрсеткен нәтижелері лайықты жемісін беріп, осы маңызды титулға жеткізді.
Командадағы әр ойыншыны және клубтың барлық мүшесін осы үлкен жетістікке байланысты құттықтаймын." — деп жазды Инфантино.