ФИФА құрамалардың рейтингін жариялады

28.07.2011, 06:19
ФИФА құрамалардың рейтингін жариялады
Бұдан бір ай бұрын жарияланған рейтингте Қазақстан Әзірбайжан құрамасын ұтқанының арқасында 13 саты  жоғарлап, 126 орында тұрақтағанды. Одан кейін ұлттық құрама ешкіммен ойнамағаны себепті Футболдың  халықаралық қауымдастығының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде сол орнын сақтап қалды. Қазіргі әлем және Еуропа чемпионы Испания құрамасы рейтингтегі бірінші орнын әзірге ешкімге берер емес. Ал Голландия мен Германия құрамасы тиісінше екінші үшінші орынға жайғасқан. Сондай –ақ  алғашқы ондықта  Бразилия, Уругвай,Англия,Португалия,Италия,Хорватия және Аргентина  құрамалары орналасқан. Бұл тұста  ерекше атап өтетін Уругвай құрамасы. Соңғы Америка кубогінің  иегері әлемдік рейтингте 13 орынға көтерілген. Еуро -2012 іріктеу кезеңіндегі бізбен бір топта ойнайтын командалардың кестеде орналасу реті төмендегідей: Түркия-24 орында Бельгия -37орында Австрия- 66 орында Әзірбайжан -111 орында
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×