ФИФА рейтингі – Қазақстан құрамасы бір сатыға жоғарылады

22.12.2025, 17:15

ФИФА ерлер құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.

ФИФА рейтингі – Қазақстан құрамасы бір сатыға жоғарылады

Соңғы есеп бойынша, Қазақстан ұлттық құрамасы бір сатыға көтеріліп, 114-орынға тұрақтады.

Талғат Байсуфинов шәкірттері қараша айында екі маңызды кездесу өткізген болатын. 15 қараша күні топ көшбасшысы — Бельгия құрамасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Бұл нәтиже рейтингтегі ұпайымызға оң әсерін тигізді.

18 қарашада Фарер аралдарына қарсы өткен ойында құрама 0:1 есебімен жол берді.

2025 жылдың 22 желтоқсанындағы жағдай бойынша әлемдік рейтингтің алғашқы бестігі төмендегідей:

Испания, Аргентина, Франция, Англия, Бразилия

Қазақстан (114-орын) рейтингте Кениядан (113-орын) кейін орналасса, Солтүстік Македония (66-орын) мен Уэльс (32-орын) сынды құрамалар әлдеқайда жоғары сатыда тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×