ФИФА РЕЙТИНГІ. ЖАҒДАЙ МҮШКІЛ

08.07.2012, 06:14
ФИФА РЕЙТИНГІ. ЖАҒДАЙ МҮШКІЛ
Еуропа чемпионатын ұтқан Испания командасы ФИФА рейтингінде бірінші орынды сақтап қалды. Ал финалға шыққан Италия құрамасы алты саты жоғарылап, 6 орынға тұрақтады. Қазақстан, керісінше, алты саты төмендеп, 147 орында тұр. Руслан МЕДЕЛБЕК ФИФА рейтингінде Қазақстан құрамасы әр ай өткен сайын төмендеп барады. Мамыр айындағы тізімде 137 орында тұрған Қазақстан маусымда 141 сатыға сырғыған еді.   ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕҢГЕЙІ АФРИКАЛЫҚ ЕЛДЕРДЕН ТӨМЕН   Рейтингте  Чад (123), Кения (125),  Руанда (125), Танзания (127) сынды африкалық елдер Қазақстаннан жоғары. Тіпті Сирия (132),Таити (138) Никарагуа (141), Гренада (142) құрамаларының да ФИФА рейтингіндегі жағдайы жақсы. Орта Азияда Өзбекстан футболының деңгейі жоғары – 65 орын. Тәжікстан рейтинг бойынша 124 орында, ал Түркменстан 137 сатыда тұр. Қырғызстан құрамасы – 196 орында. ИСПАНИЯ КӨШ БАСЫНДА   ФИФА рейтингінің бірінші сатысында Испания құрамасы тұр. Еуропа чемпионы атанған команда өз орнын сақтап қалды. Екінші орында Германия құрамасы тұрса, алғашқы үштікті Уругвай командасы қорытындылапты. Англия екі саты жоғарылап, төртінші орында келеді. Ал Португалия 5 саты өрлеп, рейтингтің бестігіне енді. Италия құрамасы алты саты жоғарылап, 6 орынға тұрақтады. Голландия командасы 4 орын төмендеп, 8 орынға жайғасыпты. Хорватия (9 орын) мен Дания (10 орын) бір орынға төмендеді. Грекия үш сатыға көтеріліп, 12 орынды алыпты. Ресей (13), Франция (14), Швеция (17) өз орнынан қозғалған жоқ.  Ал ширек финалға шыққан Чехия құрамасы 27 орыннан 18 сатыға жоғарылаған. Ирландия құрамасы 18 орыннан 26 орынға төмендеген. Украинда 6 сатыға жоғарылап, 46 орынға тұрақтады. Өткен айда 62 орында тұрған Польша шілденің рейтингінде 54 сатыға орналасқан.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×