FIFA жаңартылған рейтингісінде Қазақстан құрамасы төменге түсіп кетті

03.04.2025, 19:30

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде үш сатыға төмендеп, 110-орыннан 113-орынға түсті. Қазіргі уақытта құраманың жинаған ұпайы – 1177.66.

FIFA жаңартылған рейтингісінде Қазақстан құрамасы төменге түсіп кетті

Бұл өзгеріс наурыз айында өткен халықаралық матчтардың нәтижесіне байланысты орын алды. Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі маңызды кездесу өткізді: сырт алаңда Уэльстен жеңіліп, Лихтенштейнді жеңген.

Рейтингтің көшбасында Аргентина құрамасы, ал алғашқы үштікті Испания мен Франция құрамалары толықтырды.

Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі ең жоғары көрсеткіші – 83-орын, ал ең төменгісі – 166-орын болған.

                                        Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×