ФИФА өзінің ресми сайтында жылдың үздік ойыншысына берілетін The Best номинациясына үміткер ойыншылардың тізімін жариялады.
Үміткерлер тізімі: Тиаго Алькантара ("Бавария" / "Ливерпуль"), Криштиану Роналду ("Ювентус"), Кевин Де Брёйне ("Манчестер Сити"), Роберт Левандовски ("Бавария"), Килиан Мбаппе, Неймар (екеуі де - "Пари Сен-Жермен"), Лионель Месси ("Барселона"), Серхио Рамос ("Реал Мадрид"), Садио Мане, Мохамед Салах, Вирджил ван Дейк (барлығы "Ливерпуль").
ФИФА The Best-2020 салтанатты жиынын 17 желтоқсанда өткізуді жоспарлап отыр және онлайн режимде өтеді. Бұл әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Үздік ойыншыларға дауыс беру бүгін, 25 қарашада басталып, 9 желтоқсанда аяқталады.
Еске салайық, бұл жүлдеге 2019 жылы "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси ие болған еді.
Мына сілтемеге кіру арқылы дауыс бере аласыздар!
Біздің серіктес: FONBET