Фил Невилл Бекхэмнің клубына бас бапкер болып тағайындалды

19.01.2021, 03:52
Екеуі кезінде бірген доп теуіп еді.
Фил Невилл Бекхэмнің клубына бас бапкер болып тағайындалды

Фил Невилл “Интер Майамидің” бас бапкері атанды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Фил 2018 жылдан бері жаттықтырған Англия әйелдер құрамасыннан MLS клубына ауысты. Сөйтіп клуб тарихындағы Диего Алонсодан кейінгі екінші бапкер атанды.

43 жасар маман одан бөлек “Манчестер Юнайтед” пен “Валенсия” клубтарының бапкерлік штабында қызмет атқарған.

Клуб басшыларының бірі Дэвид Бекхэм 1994-2003 жылдары аралығында Фил Невиллмен бірге “қызыл сойқандардың” намысын қорғаған.

Сонымен қатар клубтың спорттық директоры болып Крис Хендерсон тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×