Филипп Фоден мен Мэйсон Гринвуд Англия құрамасынан шеттетілді

08.09.2020, 04:06
Қос Манчестер клубының ойыншылары карантин ережесін бұзды.
Филипп Фоден мен Мэйсон Гринвуд Англия құрамасынан шеттетілді

«Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Филипп Фоден мен «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Мэйсон Гринвуд Англиядан құрамасының орналасқан жерінен кетіп қалды, деп хабарлады Daily Mail.

Карантин ережелерін бұзған жас футболшылар алдағы матчтан шеттетілді. Ұлттар лигасындағы Исландиямен болған (1:0) ойыннан кейін ойыншылар жеңіл жүрісті қыздарды команда орналасқан қонақ үйге алып келген. Сонымен бірге, бұл жағдай ойыншылардың келген қонақтары әлеуметтік желілердің бірінде қонақүйдегі видеоны бөліскеннен кейін белгілі болды.

Daily Mail басылымы атап өткендей, Гринвуд көктемде сүйіктісінен бас тартқан. Фоден, өз кезегінде, сүйіктісімен қарым-қатынасы нашар және оның екі жасар баласы бар.

Жақын арада Фоден мен Гринвуд өз елдеріне оралады, ал Англия ұлттық құрамасы Копенгагенге барып, Ұлттар лигасының 2-турында Даниямен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×