Филиппе Коутиньо төрт айға қатардан шығып қалды

31.12.2020, 01:24
Коутиньо «Эйбармен» болған матчта ауыр жарақат алды
Филиппе Коутиньо төрт айға қатардан шығып қалды

"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньо ұзақ уақыт бойы алаңға шықпайды, деп хабарлады клубтың ресми сайты.

Медициналық сараптама бразилиялықтың сол тізесіне зақым келгенін растады. Филиппеге артроскопиялық ота жасау керек, бұл алдағы күндерге жоспарланған. Бұған дейін хабарланғандай, ота жасалған жағдайда Коутиньо төрт айға дейін командасына көмектесе алмайды.

Коутиньо "Барселона" сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда 28 жастағы жартылай қорғаушы Ла Лигада 12 матч өткізіп, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×