Финляндия – Ирландия кездесуіне болжам

10.10.2024, 13:52

Ұлттар Лигасының В лигасының 2-тобындағы екі айқын аутсайдердің өзара бәсекесі.

Финляндия – Ирландия кездесуіне болжам
Ирландия - Англия кездесуі (0:2)

Әзірге, финдер мен ирландиялықтар екі турды нөл ұпаймен қортындылап отыр. Ұпай тұрмақ Англия мен Грекияның қақпасына бір рет те гол соға алмай әбден қор болған жайлары бар. Әсіресе, Джон О Шидің командасы: Ирландия өз алаңында өткен екі матчта да жауапсыз екі доптан жіберіп, Англия мен Грекияға ешқандай қарсылық таныта алған жоқ. Енді сырт алаңда осының барлығын жуып шаймаса болмайын деп тұр. Жауынгер кельттердің ұрпақтарына мінез көрсететін кез келген сыңайлы. Оның үстіне үшінші турдағы қарсыласының да шекесі қызып тұрған жоқ. Финдер де осы қарсыластарымен өте сәтсіз кездесу өткізді: алдымен сырт алаңда Грекиядан 3:0-мен ұтылса, екінші турда англиялықардың арынына төтеп бере алған жоқ (2:0). Маркку Канерваның командасы қорғаныс дегенді мүлде білмей ме деген ой келеді: финдер соңғы 5 бәсекеде 12 гол жіберіпті.

Қорғаныста Ирландияның да біреуге ақыл айтатындай жөні жоқ – соңғы бес матчта 9 гол өткізіп алған. Қысқасы, мұнда біраз голды тамашалап қалатын сияқтымыз. Қашанғы доп соға алмай жүреді дейсіздер, финдер мен ирландиялық футболшылар осы жолы ақыры өз дегендеріне жете ме деп қоямыз. Қос команданың қорғаныстағы хәлін ескере отырып, бұл ойында екі құраманың гол соғады деген нұсқасын таңдадық. «Фонбет.кз» букмекерлік кеңсесі бұған 2.20 коэфициент ұсынып отыр. Немесе тағы бір нұсқаны көрсеңіздер болады: Финляндия – Ирландия ойынында 2.5 көп гол кіреді десе қалай кетеді? Бұған берілген коэфициент 2.70-ті құрайды. Бұл да жаман емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
×