Финляндиялық Қазақстан чемпиондарына қосылмақ

Бүгін, 16:20

"Қайрат" құрамын Еуропалық жас әрі талантты легионермен толықтырды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Финляндиялық Қазақстан чемпиондарына қосылмақ
Oiva Jukkola

Финляндиялық Yle басылымының хабарлауынша, "Ильвес” клубының вингері Ойва Юккола мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастырады.

Қос клуб арасындағы келіссөздер сәтті аяқталып, барлық шарттар келісілген. Ендігі кезекте 23 жастағы футболшы медициналық тексерістен өтуі тиіс. Осыдан кейін "Қайрат” трансферді ресми түрде жариялайды. Айта кетейік, ойыншының трансферлік құны шамамен 450 000 еуроға бағаланып отыр.

Ойва Юккола — Финляндия футболының соңғы жылдардағы ең жарқын өкілдерінің бірі. Оның мансабы мен ойын стиліне тоқталсақ:

Бойы 1.85 метр болатын футболшы негізінен оң қанаттағы шабуылшы (вингер) позициясында ойнайды. Дегенмен, қажет болған жағдайда сол қанатта да, шабуылшының артында (плеймейкер) да еркін көсіле алады.

Юккола алаңдағы жоғары жылдамдығымен және креативті ойынымен ерекшеленеді.

Туған қаласы Тамперенің "Ильвес" клубында 6 маусым өткізіп, 100-ден астам матчта өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде 19 гол соғып, Финляндия Кубогын иеленді (2023) және 2024 жылғы маусымда "Жылдың үздік құрамына” енді.

2025 жылы Финляндияның негізгі құрамасында дебют жасап, қазіргі таңда өз елінің намысын халықаралық деңгейде қорғап жүр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×