Финляндиямен өтетін ойынға екі ойыншымыз қатыспайды

25.01.2022, 01:30
Бірі вирус жұқтырған, ал екіншісі өткен матчта қызыл қағаз алды.
Финляндиямен өтетін ойынға екі ойыншымыз қатыспайды

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Шыңғыс Есенамановтың Финляндиямен өтетін ойын алдында коронавирусқа қарсы тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті.

Барлық ойыншылардың кеше тапсырған сынағынан теріс нәтиже тіркелген болатын. Алайда, ойын күні тапсырған сынақтардың арасынан Шыңғыс Есенамановтан оң нәтиже табылды.

Ойыншы теріс сынақ тапсырғаннан кейін ғана команданың қатарына оралады.

Сонымен қатар бүгінгі ойынға Еуро-2022 жарысының алғашқы турында қызыл қағаз алған ұлттық құраманың шабуылшысы Альберт Ақбалықов қатыса алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×