«Базельдің» шабуылшысы Артур Кабрал «Фиорентина» ойыншысы атанды, деп хабарлайды италиялық клубтың баспасөз қызметі.
23 жастағы бразилиялық футболшы «Ювентуске» кеткен Душан Влаховичті алмастырды және «Фиорентина» сапында тоғызыншы нөмірмен ойнайтын болады.
Швейцария чемпионатының өткен маусымында Артур Кабрал 18 голмен «Базельдің» үздік сұрмергені атанды. 23 жастағы футболшы «Сеара» және «Пальмейрас» клубының түлегі болып саналады. Осы маусымда шабуылшы Швейцария біріншілігінде 18 кездесу өткізіп, 14 гол соққан. Сондай-ақ футболшы Бразилия құрамасына шақыртылған.
Біздің серіктес: FONBET