«ФКСБ» - «Шкендия» кездесуіне болжам

30.07.2025, 15:47

ЧЛ 2-іріктеу кезеңінің жауапты кездесулері

«ФКСБ» - «Шкендия» кездесуіне болжам
"ФКСБ" футболшылары голдарын тойлауда

Командалардың бірінші матчы «Шкендияның» жеңісімен аяқталған 1:0. Бірақ бүгінгі кездесуде румыниялық ұжым фаворит саналады. Илиас Хараламбустың командасы Солтүстік Македониядағы ойында жаман көрінген жоқ. Допқа көп иелік етіп, гол салатын мүмкіндікті де қарсыласынан көбірек жасаған. Тек сәттілік жетіскен жоқ. «ФКСБ» жалпы, соңғы бес ойынның біреуін ғана ұтып, 4 гол жіберген. Чемпионатындағы соңғы бәсекеде «Фарулдан» 1:2-мен ұтылған болатын.

«Шкендия» бір гол басымдығын сақтап қалуға тырысады. Македониялықтар биыл Еурокубокте жеңіліссіз келеді – өткен кезеңде Уэльс чемпионы «ТНС-тен» басым түсті 0:0, 2:1. Джет Бекиридің шәкірттері соңғы 5 матчта 3 гол жіберіп, 6 рет нәтижелі соққы жасаған.

Бұл ойында көп гол соғылмайды деп топшылаймыз. Біздің нұсқа – матчтың жалпы тоталы 3-тен кем болады. Fonbet.kz-те осы вариантқа 2.15 коэффициентімен бәс тігуге мүмкіндік бар.

«Мальме» - «РФШ» матчына болжам

Швеция чемпионы үшін биылғы Еурокубок іріктеуі өте сәтті өтуде. «Мальме» өткен айналымда грузияның «Ибериясын» екі ойында да ұтты 3:1, 3:1. Ал Лавтия чемпионына қарсы бірінші бәсекеде сырт алаңда 4:1 жеңісін тіркеді. Бұл жұпта 3-кезең жолдамасының тағдыры шешіліп қойған сияқты көрінеді. Бүгін тек алаң иелері соны ресми тіркеуге тырысады. Команда соңғы 5 бәсекеде 15 гол салып, 5 доп жіберіп алған.

Виктор Мороздың командасы алғашқы кезеңде Эстония чемпионы «Левадиядан» айласын асырған 1:0, 1:0. Бірақ, өз алаңында швециялық қарсыласына қайратын өткізе алған жоқ. Соңғы 5 ойында 13 гол салды. Латвия біріншілігіндегі жағдайы жаман емес, соңғы кездесуде «Тукумусты» 6:2 есебімен ойсырата жеңген болатын. Осы жетістік бүгін қонақтарға қосымша импульс бере ме?

Біз бұл ойында жалпы тотал 2.5-тен көп болады деп ойлаймыз. Бұл нұсқаға 1.60 коэффициент беріліп отыр.

«Лудогорец» - «Риека» кездесуіне болжам

Болгария чемпионы негізгі кезеңге шығу үшін барын салып келеді. Бірінші кезеңде «Динамо-Минск» командасынан басым түсті 1:0, 2:2. «Риеканың» алаңында мықты анықталған жоқ 0:0. Енді бүгін 3-іріктеу кезеңінің жолдамасы «Лудогорец Аренада» сарапқа салынбақ. Руи Витория жаттықтыратын болгариялық команда осының алдында өз чемпионатында «Септемвриден» айласын асырған - 5:0.

«Риека» соңғы бес матчта 5 гол тіркеді. Ал Болгариядағы кездесудің алдындағы жолдастық ойында «Гезтепден» жеңіліс тапқан болатын 0:1. Радомир Джалович шәкірттері бүгін шабуылдан көрі қорғанысқа көбірек көңіл бөліп, қарымта шабуылдарға иек артатын секілді.

Болгария чемпионы өз алаңында нәтижелі ойнап, көп гол салады. Бүгін де солай болатын сияқты. Сол үшін біз матчтың жалпы тоталы 3-тен көп болады деп топшылаймыз. Оның коэффициенті 2.90.

«Панатинайкос» - «Рейнджерс» кездесуіне болжам

Грекиялық клуб сырт алаңда 0:2 ұтылып, өте қиын жағдайға қалып отыр. Бүгін Афиныда соның есесін қайтаруды ойлайды. Руи Виторияның командасы соңғы бес бәсекеде қарсыластар қақпасынан 7 рет саңылау тапқан. Бірақ, Шотландияда жауапсыз екі гол жіберді. Енді бүгін кешке шабуыл өтіндегі Иоаннидис пен Бакасетасқа, алаң ортасындағы Неманья Максимовичке ерекше сенім артады.

Рассел Мартин жаттықтыратын «Рейнджерс» шабуылда өте нәтижелі ойнайды. Командалар арасындағы бірінші матчты қоса есептегенде соңғы өткізген 5 ойында 13 гол салған. Шотландиялық топ-клубтың шабуыл өтінде Раскин, Тавернье мен Данило жемісті ойынымен есте қалуда.

Бүгінгі кездесуде екі команда да гол салады деп болжаймыз. Бұған Fonbet.kz 1.62 коэффициент береді.

«Маккаби» Тель-Авив – «Пафос» кездесуіне болжам

Жарко Лазетичтің командасы қарымта ойын алдында тиімді нәтиже алып қайтты – 1:1. Израиль чемпионы жазғы маусымда ерекше нәтижелігімен есте қалуда. Команда соңғы өткізген 5 бәсекеде 23 гол тіркеді. Шабуыл өтіндегі Перец пен Патати секілді футболшылар жеке шеберлігімен даралануда.

«Пафос» соңғы өткізген 5 кездесуде жеңілмей келеді. Бірақ, команданың қорғаныстағы ойыны көңіл көншітпейді – 5 ойында 6 гол жіберді. Хуан Карлос Карседо бүгін осы компонентке ерекше көңіл бөлуі тиіс. Өйткені, израильдік ұжым бұл кездесудің айқын фавориті.

Біз бұл матчтың бірінші таймындағы алаң иелерінің голдарын таңдаймыз. Өйткені, израильдік футболшылар салған жерден шабуылға шығып, есеп ашуға тырысады. «Маккаби» Тель-Авивтің бірінші таймдағы голына берілетін коэффициент – 1.85.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×