Эрлинг Холанд "Эвертон" қақпасына қос гол соғып, командасына маңызды үш ұпай сыйлады.
Ойыннан кейін "Сити” жартылай қорғаушысы Фил Фоден "City Report” басылымына берген сұхбатында командаласы туралы жылы пікір айтты:
"Шынымды айтсам, ол екі емес, төрт гол соға алатын еді. Әрине, бұл әзіл, бірақ оның кез келген сәтте жинақылық сақтап, бір мүмкіндікті голға айналдыру қабілеті таңғаларлық. Тіпті ойыны жүрмей жатқанда да өз жолын таба біледі. Бұл – біздің басты артықшылығымыз.” – деді Фоден.
Фоден сұхбат соңында Норвегиялық серіктесіне ерекше баға берді:
"Холанд – жай ғана шабуылшы емес, ол бүкіл команданы шабыттандыратын тұлға. Онымен бірге алаңға шығу – ерекше сезім, нағыз футбол бақытын сезінесің.” – деді.
Фоден командадағы басқа шабуылшыларға да үн қатты:
"Біз тек оның голдарына сүйене бермеуіміз керек. Холанд ерекше ойыншы, бірақ біз, қалғандары, көбірек жауапкершілік алып, нәтижеге өз үлесімізді қосуымыз қажет. Әркім есепке өз есімін жазуы тиіс.” – де сөзін аяқтады Ағылшын вингері.