Форлан: «Барселонаның» Суареске жасаған әрекеті көптеген каталондық ойыншылардың басынан өтті»

26.09.2020, 23:52
Форлан отандасының «Атлетикоға» көмектесетініне сенімді.
Форлан: «Барселонаның» Суареске жасаған әрекеті көптеген каталондық ойыншылардың басынан өтті»

"Атлетиконың" бұрынғы футболшысы Диего Форлан "Барселона" шабуылшысы Луис Суарестің мадридтік клубқа ауысуы туралы пікір білдірді.

"Клубтың Суареске жасаған әрекеті "Барселона" тарихындағы көптеген ойыншылардың басынан өткен. Ең бастысы, ол "Барселонаға" бәрін берді, оны сөгетін ештеңе жоқ.

Суарес сияқты ойыншы "Атлетикоға" сәйкес келеді. Ол команданың алғашқы орындар үшін күресіне көмектесе алады деп үміттенемін. Жоао Феликс пен Диего Коста "Атлетиконың" шабуылдаушы үштігін қалыптастыра алады", - деді Диего Форлан.

Луис Суарес "Барселона" сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. Өткен маусымда шабуылшы клуб деңгейіндегі барлық турнирлерде 36 матч өткізіп, 21 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. "Барселонамен" бірге 13 кубокты жеңіп алды, оның ішінде Чемпиондар Лигасының жеңімпазы және төрт дүркін Испания чемпионы атанды.

Луис бұған дейін "Ливерпуль", "Аякс", "Гронинген" және "Насьональ" клубтарының намысын қорғады. 2007 жылдан бастап Уругвай құрамасына шақыртылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×