“Фрайбург” қақпашысы қатарынан 5 пенальти қайтарып рекорд орнатты

Бундеслигада ойнайтын қақпашы Ноа Атуболу Германия құрамасының жаңа жұлдызы атануы мүмкін.

“Фрайбург” қақпашысы қатарынан 5 пенальти қайтарып рекорд орнатты

Қақпашы 2024 жылдан бері өз қақпасына белгіленген барлық пенальтиді сәтті қайтарған. 

Ноа алғаш рет пенальтиін 2024 жылы “Унион” ойыншы Йосип Юранович соққысынан кейін қайтарды. Дәл сол кездесуде Атуболу басқа ойыншы Кевин Фолландтың да жойқын соққысын тойтарды. 

Одан кейін, қақпашы Флориан Вирцтің ерекшеленуіне мүмкіндік бермеді. Алайда 11 метрлік дуельде жеңімпаз атанғанымен, Атубалу матч барысында 5 гол жіберді.

Содан соң, Ноа ішкі чемпионатта “Вердердің” қос пенальтиін сәтті қайтарды.

Осылайша, қақпашы өз қақпасына 5 кездесуде белгіленген барлық пенальтиден жеңімпаз атанып, Бундеслига рекордын жаңартты. Бұған дейін Бернд Лено 4 матч қатарынан осындай көрсеткішпен көзге түскен болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×