France Football өткен жылы берілмеген «Алтын доп» жайлы пікір білдірді

01.12.2021, 22:27
Бас редактор өткен жылғы шешімді қайта қарауға болады дейді.
France Football өткен жылы берілмеген «Алтын доп» жайлы пікір білдірді

France Football журналының бас редакторы Паскаль Ферре басылым 2020 жылғы «Алтын доптан» бас тарту туралы шешімін қайта қарап, жүлдені «Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовскиге табыстауы мүмкін екенін мойындады.

«Біз бұл туралы ойлана аламыз, бірақ дауыс беру негізінде құрылған «Алтын доптың» тарихын құрметтеуіміз керек. Біз Левандовски 2020 жылғы «Алтын допты» алатын еді деп сенімді бола алмаймыз. Дауыс беру процессі болған жоқ. Бірақ Левандовскиде бұл жүлдені алу үшін үлкен мүмкіндік болатын еді», - деді Ферре.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылғы «Алтын допты» Лионель Месси жеңіп алды, ал Левандовски екінші орынға ие болды. Марапат табысталғаннан кейін Месси Робертке: «Сен «Алтын допқа» лайықсың. Барлығы келіседі, сен өткен жылы осы сыйлықты алуың керек еді», - деп, құрмет көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×