France Football журналисті: «Қазақстан құрамасымен ешкім ойнағысы келмейді»

09.12.2020, 01:07
Сарапшы Қазақстанның соңғы орын алатынын мәлімдеді.
France Football журналисті: «Қазақстан құрамасымен ешкім ойнағысы келмейді»

2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстанмен тобындағы командалардың ешқайсысы кездескісі келмейді. Мұндай пікірді France Football журналы мен L'Équipe газетінің шолушысы Танги Ле Севилье айтты. Сонымен қатар ол турнирдегі Қазақстан құрамасының болашағы туралы да әңгіме қозғады.

«Топ өте қиын көрінеді. Басты фаворит, сөзсіз, қазіргі әлем чемпиондары болып табылады. Алайда, Украина құрамасы соңғы ойындарда оңайлықпен берілмейтіндерін көрсетті. Финляндия мен Босния қарсыластарын таңқалдыруға қабілетті. Қазақстан топта аутсайдер, бірақ мен басқа командалардың онымен кездесуге қуанышты емес екенін білемін. Барлық мәселе қарсыластар мен Қазақстан арасындағы арақашықтық болып табылады. Франция үшін бұл іріктеу кезеңіндегі ең алыс сапар болуы мүмкін. Қазақстан бесінші орыннан жоғары көтеріле алады деп ойламаймын, бірақ ұпай жинауға мүмкіндігі бар», - деді Севилье.

Естеріңізге сала кетейік, 7 желтоқсанда болған жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы D тобына түсті. Оның қарсыласы қазіргі әлем чемпионы Франция, сондай-ақ Украина, Финляндия мен Босния және Герцеговина құрамалары болды. Бірінші іріктеу кезеңінің матчтары 2021 жылдың 24-25 наурызында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×