Франческо Тотти: "Жас болсам "Рома" сапында қалмас едім"

08.01.2020, 23:39
Франческо Тотти: "Жас болсам "Рома" сапында қалмас едім"

"Романың" аңызға айналған шабуылшысы Франческо Тотти өз командасы қатысты және кезінде өзінің трансфері жайлы ойымен бөлісті деп хабарлайды The Sun порталы.

-"Егер жас болсам "Рома" сапына ауыспас едім. Себебі, клуб басшылығы мені бірден өзге клубқа сатып жіберер еді. Жанкүйерлердің барлығы менің үлкен футболдан кетуіме клуб басшылығы түрткі болғанын жақсы біледі. Олар карьерамның аяқталуын менен бұрын бұрын қатты қалады. Ал ары қарай директор ретінде 6 жылдық келісім-шарт ұсынды. Негізі Франко Бальдини екеуміздің қарым- қатынасымыз тым күрделі емес еді. Дегенмен келіспей қалатын кездеріміз де болды. Өз қызметімнен осындай адаммен жұмыс істегім келмеген соң кеттім",-дейді Тотти.

Естеріңізге сала кетейік, Франческо Тотти "Рома" футбол клубының түлегі. Рим ұжымы жейдесінде 1992-2017 жылдары өнер көрсеткен. Сондай-ақ, ол клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×