Франк Кесси жазда «Барселонаға» ауысады

23.03.2022, 02:12
Ол Премьер-лигадан түскен ұсыныстардан бас тартты.
Франк Кесси жазда «Барселонаға» ауысады

«Милан» клубының жартылай қорғаушысы Франк Кесси «Барселонаға» жазда еркін агент ретінде ауысу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

Дереккөздің хабарлауынша, Кесси каталондық клубпен 2026 жылдың маусымына дейін есептелген төрт жылдық келісім-шартқа отырады.

Хави өз жоспарын түсіндіру үшін футболшымен телефон арқылы байланысқа шыққан, ал Кесси Премьер-лига клубтарынан түскен ұсыныстардан бас тартты.

Футболшының каталондық клубтағы жылдық жалақысы 6,5 миллион еуроны құрамақ. Ол бірнеше күн бұрын Луганода медициналық тексерістен өтті.

«Барселона» Андреас Кристенсенмен де ауызша мәміле жасасып қойған, жақын арада құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×