Белгілі футбол агенті Далибор Бан Тунистік дарынды футболшы Луай Бен Хассин үшін Қазақстандық ұжымдардың өзара соғыс ашқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Луай Бен Хассин — қазіргі таңда Сербия Суперлигасының ең үздік әрі ең қымбат футболшыларының бірі. Оның талантына тек Қазақстан ғана емес, Еуропаның топ лигалары да көз тігіп отыр.
Футболшыға қызығушылық танытып жатқан азулы ұжымдардың тізімі мынадай:
Ресей Премьер-Лигасының бірнеше клубы (оның екеуі ресми ұсыныс жасап үлгерген), Португалия біріншілігінің қос командасы, Францияның атақты “Монпелье” клубы.
Еуропалық клубтардың мықтылығына қарамастан, Қазақстандық командалар бұл тартыста алға шығып отыр. Еліміздің белді ұжымдары Африкалық жұлдызды қаржылық тұрғыдан қызықтыра алған сияқты.
“Луай Бен Хассин қазіргі уақытта Қазақстанның алпауыт клубтарымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Оны өз сапына қосу үшін еліміздің (Хорватия) ең қуатты командалары да өзара аяусыз күресуде. Тіпті Қазақстанның екі бірдей клубы футболшының трансфері бойынша ресми түрде қаржылық ұсыныс жасап қойды.” — дейбі агент Далибор Бан Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.