Франциялық жұлдыз екі жылдан астам уақыттан кейін жасыл алаңға оралмақ

20.11.2025, 19:35

Екі жарым жылдан астам уақыт бойы алаңнан тыс қалған әлем чемпионатының жеңімпазы Пол Погба ресми матчқа оралуға дайын. Француз футболшысы "Монако" клубының сапында алғашқы ойын минуттарын осы сенбіде "Реннге" қарсы өткізуі мүмкін деп хабарлайды, Aladop.kz.

Франциялық жұлдыз екі жылдан астам уақыттан кейін жасыл алаңға оралмақ

Погбаның дебюті бұған дейін екі рет жоспарланған болатын, бірақ алдымен бұлшықет жарақаты, кейінгіде тізе мәселесі жоспарын бұзды. Дегенмен, қазіргі жағдай оның алаңға шығуына мүмкіндік беретінін көрсетyде. Бұл ойын Погба үшін "Ювентус” сапында "Эмполиға" қарсы өткен матчтан кейінгі алғашқы ресми кездесуі болмақ.

Қазіргі таңда Монако Лига 1-де алтыншы орында, Чемпиондар Лигасына жолдама беретін орыннан бес ұпай артта көшбасшы "ПСЖ"-дан жеті ұпайға қалып отыр.

Футболшының мансабындағы ең қиын кезеңдердің бірі – төрт жылдық допингтік шектеу болды, кейін ол 18 айға қысқартылды. "Ювентус” келісімшартын бұзғаннан кейін Погба "тозақтан өтттім” деген еді. Енді екі жылдық келісімшартпен "Монакоға” келген футболшы жаңа бапкермен бірге жаңа бастамаға дайын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×