Франция жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы мансабын Қазақстанда жалғастырмақ

31.01.2022, 19:37
Футболшы қазақстандық клубтың ОЖЖ-на қатысуда.
Франция жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы мансабын Қазақстанда жалғастырмақ

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, ресейлік «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Амир Адуев қарағандылық «Шахтерға» ауысуы мүмкін.

22 жастағы футболшы Грозныйда дүниеге келген, бірақ жастайынан Францияға көшіп, сол елдің жастар құрамаларына шақыртылған. Кәсіби мансабын «Монпелье» жастар командасында бастап, команда капитаны атанды.

2020 жылдың күзінде Адуев ресейлік «Ахматпен» төрт жылдық келісім-шартқа отырды. Осы маусымда бәсекелестік жоғары болғандықтан, ойыншы Ресей кубогінде екі ойынға ғана қатысып, бір гол соқты. «Ахмат» футболшыны ойын тәжірибесі үшін жалға беруді жоспарлап отыр.

Бүгін Амир Адуев «Шахтердің» болгариялық «ЦСКА Софияға» қарсы кездесуінде дебюттік ойынын өткізуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×