ФРАНЦИЯДАН ҰТЫЛДЫҚ

05.09.2014, 04:58
ФРАНЦИЯДАН ҰТЫЛДЫҚ
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2015 додасының іріктеу турнирінде Франциядан ірі есеппен ұтылды. Астанадағы матчта француздар біздің қақпамызға бес гол салды. Ал Қазақстан құрамасы сапынан Роман Муртазаев бір голдың авторы атанды. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы жастар арасындағы ЕЧ іріктеу сынын тоғыз ұпаймен аяқтады. Біз Франция, Исландиядан кейінгі үшінші сатыдамыз. Армения мен Белоруссия 4-5 орындарды бөлісіп тұр. Қазақстан U-21 — Франция U-21 1:5 (1:3) Гол: Сансо 17 (0:1), Курзава 31 (0:2), Муртазаев 36 (1:2), Курзава 42 (1:3), Саного 50 (1:4), Саного 53 (1:5) Қазақстан U-21: Покатилов, Рудосельский, Пикалкин, Бейсебеков (Ульшин 85), Аслан, Куат (к), Шайхов, Жуков, Калинин (Айымбетов 46), Муртазаев (Сариев 78), Жанғылышбай Франция U-21: Ареоля, Фулькье, Курзава, Зума (к), Ляпорт, Н. Менди, Сансо, Кондогбиа, Санного (Мартьяль 62), Товен (Нтеп де Мадиба 68), Коман (Толиссо 81) Бас төреші: Томаш Богнар (Венгрия) 4 қыркүйек. Астана. Астана Арена. Допқа иелік: 37% — 63% Қақпаға соққы: 10 — 22 Қақпа маңындағы соққы саны: 4 — 13 Фол: 12 — 7 Қақпа бағанасы: 0 — 0 Офсайд: 2 — 1 Бұрыштама: 3 — 9 Ескерту: 0 — 0
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×