Фраттези: “Бұл гол – әжеме арналады.”

09.04.2025, 18:30

"Интердің" жартылай қорғаушысы Давиде Фраттези Мюнхеннің "Бавариясына" қарсы УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалының алғашқы ойыны алдында ауыр қайғыға тап болған екен. Матчтың алдындағы күні оның әжесі қайтыс болыпты.

Фраттези: “Бұл гол – әжеме арналады.”

Осы қайғыға қарамастан, Фраттези ойынға қатысып, ерлік танытты. Алаңға ойынның 74-минутында қосылған ол 88-минутта жеңіс голын соғып, "Интерге" жеңіс сыйлады.

Матчтан кейін Фраттези сол голды қайтыс болған әжесіне арнап, бастан өткерген ауыр сәттері жайлы жүрекжарды сөздерін бөлісті:

"Өмірімде менің ең үлкен қасиетім – менталитетім деп ойлайтынмын. Бірақ бұл жағдай мені әдеттегі ойымнан айнытты. Мен әжеме өте жақын едім, оны ондай күйде көргенде қатты қиналдым. Бұл өте ауыр болды. Бірақ бүгінгі кеште оның менімен бірге болғанына сенімдімін. Мүмкін, ол жоғарыдан мен үшін қуанып жатқан шығар…"

Сондай-ақ, ол алдағы жауапты ойында командаға тағы да жоғары деңгейде өнер көрсету қажет екенін айтты:

"Біз келесі ойында шабуылды күшейтуге тырысамыз… Жақсы ойнап, мұқият болуымыз керек…"

                                                  Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×