Фрэнк Лэмпард англиялық клубты тізгіндемек

12.11.2021, 16:11
Лэмпард 2021 жылдың қаңтарынан бері жұмыссыз жүр.
Фрэнк Лэмпард англиялық клубты тізгіндемек

"Челсидің" бұрынғы жартылай қорғаушысы және тәлімгері Фрэнк Лэмпард "Норвичтің" бас бапкері атанады, деп хабарлайды talkSPORT. Дереккөздің хабарлауынша, маманның кандидатурасын клуб басшылығы мақұлдаған.

Лэмпард 2021 жылдың қаңтарынан бері жұмыссыз жүр. "Норвичтің" бас бапкері ретінде ол Даниэль Фаркені алмастырмақ. Лэмпардқа команданы Премьер-лигада алып қалу міндеті жүктеледі. "Норвич" 11 турда бір ғана жеңісімен турнирлік кестеде соңғы орында тұр.

"Норвич" басшылығы дортмундтық "Боруссияның" бұрынғы жаттықтырушысы Люсьен Фавр, "Ньюкаслдың" бұрынғы тәлімгері Стив Брюс және "Астон Вилланың" жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген Джон Терриге қызығушылық танытты.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қарашада "Норвич" 45 жастағы неміс маманы Даниэль Фаркені қызметінен босатты. Бір қызығы, бапкер осы маусымдағы алғашқы жеңісінен кейін орнын босатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×