Фрэнк Лэмпард «Эвертонның» бас бапкері атанды

01.02.2022, 00:46
Фрэнкте алғашқы матчтқа дайындалу үшін бес күн уақыт бар.
Фрэнк Лэмпард «Эвертонның» бас бапкері атанды

«Эвертон» өзінің ресми сайтында Фрэнк Лэмпардтың бас бапкер қызметіне тағайындалғанын хабарлады. 43 жастағы маманның клубпен келісім-шарты 2024 жылдың маусымына дейін есептелген.

Лэмпард Англия кубогінің төртінші раундындағы «Брентфордқа» қарсы ойында (5 ақпан) дебют жасамақ. Фрэнктің шешімімен клуб Донни ван де Бекті жалға алатын болды.

Еске салайық, Лэмпард 2021 жылдың қаңтарынан бері жұмыссыз жүрді. Бұрынғы «Челси» футболшысы бапкерлік мансабын «Дерби Каунтиде» бастады. Ол 2019 жылдың қазан айындағы Ағылшын Премьер-лигасының үздік бапкері деп танылды.

«Эвертон» 20 ойында 19 ұпай жинап, Премьер-лиганың турнирлік кестесінде 16-шы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×