Фрэнк Лэмпард: "Қысқы трансферде көп қаржы жұмсай алмаймыз"

14.12.2019, 19:22
Фрэнк Лэмпард: "Қысқы трансферде көп қаржы жұмсай алмаймыз"

"Челси" бас бапкері Фрэнк Лэмпард клуб басшылығының қысқы трансферлік ауыс-түйіс кезіндегі жоспары туралы айтып берді деп хабарлайды Goal.

-"Мен бұл тақырыпта трансфер бойынша директор Марина Грановскаямен ашық сөйлестім. Қазір ол клуб басшысымен осы мәселені талқылап жатыр. Сонымен қатар, скауттар бөлімі және Петер Чехпен де лайықты ойыншылар жайында пікір алмасып тұрамыз. Егер мен Килиан Мбаппе, Лионель Месси, Криштиану Роналду сынды ойыншыларды сатып алу туралы сөз қозғасам, басым дауға қалатынын білемін. Басшылық шешімі белгілі болған соң бірнеше футболшыны ұсына аламын",-дейді Лэмпард.

Естеріңізге сала кетейік, "Челси" АПЛ-да 16 турдан кейін 29 ұпай жинап, 4-орында келе жатыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×