Футбол 2025 – Transfermarkt жылдың сенсациялық нәтижелерін жариялады

27.12.2025, 15:25

Transfermarkt порталы 2025 жылы футбол әлемінде орын алған ең таңғажайып, сенуге қиын 8 оқиғаның тізімін жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Футбол 2025 – Transfermarkt жылдың сенсациялық нәтижелерін жариялады

Футболда бәрі мүмкін деген сөзді дәлелдеген бұл сәттер жанкүйерлер үшін нағыз ғажайыпқа айналды.

2025 жылдың ең басты 8 футбол сенсациясы:

  1. "Гримсби Таунның" ерлігі

Ағылшын лигасының төменгі дивизионында (League Two) өнер көрсететін "Гримсби Таун” клубы ел кубогында (EFL Cup) "Манчестер Юнайтедті" қапы қалдырды. Пенальти сериясында басым түскен кішігірім клуб алпауыт ұжымды турнирден шығарып тастады.

  1. Курасао — әлем чемпионатында

Халқының саны небәрі 156 мың адамды құрайтын Курасао аралы Солтүстік, Орталық Америка және Кариб бассейні аймағындағы іріктеуден сүрінбей өтіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл — Мундиал тарихындағы халқы ең аз қатысушы ел ретінде тіркелген тарихи оқиға.

  1. "Гоу Эхед Иглз": 92 жылдан кейінгі жеңіс

Нидерланды кубогының финалында "Гоу Эхед Иглз” командасы "АЗ Алкмарды" пенальти сериясында жеңді. Бұл клубтың 1933 жылдан бері алған алғашқы ресми титулы.

  1. "Болоньяның” қайта өрлеуі

2024/25 жылғы маусымда "Болонья” клубы Италия кубогының финалында "Миланды” тізе бүктірді. Осылайша, команда 1974 жылдан бері алғаш рет айтулы кубокқа ие болды.

  1. "Баварияның” рекорды

Мюнхендік "Бавария” барлық турнирлерде қатарынан 16 матчта жеңіске жетіп, клуб тарихындағы ең ұзақ жеңісті серия рекордын жаңартты.

  1. "Кристал Пэлас" — Англия кубогының иегері

"Кристал Пэлас” жанкүйерлері үшін 2025 жыл ұмытылмас жыл болды. Олар финалда  "Манчестер Ситиді” ұтып, өз тарихында алғаш рет Англия кубогын (FA Cup) төбесіне көтерді.

  1. "Ньюкаслдың” көптен күткен кубогы

"Ньюкасл Юнайтед" Лига кубогының финалында "Ливерпульді" 2:1 есебімен жеңді. Бұл “Сауысқандар" үшін 1969 жылдан бері қол жеткізген алғашқы ірі халықаралық деңгейдегі жүлде болды.

  1. Сон Хын Мин және "Тоттенхэмнің” жеңісі

"Тоттенхэм" Еуропа лигасының финалында "Манчестер Юнайтедті” жеңіп, турнир чемпионы атанды. Бұл жеңіс клуб үшін ғана емес, команда капитаны Сон Хын Мин үшін де ерекше — ол өз карьерасындағы алғашқы ірі халықаралық трофейге қол жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×