ФУТБОЛ БАЗАРЫНДА ҚЫЗУ САУДА БАСТАЛДЫ

27.05.2012, 04:52
ФУТБОЛ БАЗАРЫНДА ҚЫЗУ САУДА БАСТАЛДЫ

Аты аңызға айналған Рауль енді Катарда ойнайтын болады. 34 жасар испан футболшысы   мамыр айының ортасында «Әл Садд» футбол клубына ауысты. Мадридтің мәңгі «жетілігі» мен «Шалькенің» шабуылшысы болған Рауль катар клубында үйреншікті жетінші нөмірлі жейдемен өнерін көрсетеді. Испандық «Marca» басылымының хабарлауынша, Раульге құда түсушілердің арасында американдық «Сиэтл Саундерс» ерекше белсенділік танытыпты. Сондай-ақ, осыдан бір жыл бұрын Гонзалес жұлдыздарды жиып жатқан «Анжиге» ауысады деген қаесет тілшілер арасында тараған болатын. Қалай болғанда да, футбол жанкүйерлері әлі ұмыта қоймаған Рауль енді «Әл Саддтың» намысын қорғайтын болады.

Маусымаралық үзіліс кезінде аз дегенде бір атағы жер жарған футболшы клуб ауыстырады. Биыл футбол әлемін дүрліктірген трансфердың авторы Гарэт Бэйл болуы мүмкін. «Marca-ның» хабарлауынша, «Барселона» 22  жасар футболшымен  келісімге келген екен. Енді «Тоттенхэммен» ортақ мәмілеге келу ғана қалды. Лондондық клубтың басты футболшыларының трансферлік бағасы – 40 миллион еуроның ар жақ-бер жағы. Арсен Венгердің қуанышына негіз бар. Келесі маусымда  Германия құрамасының белді ойыншыларының бірі Лукас Подольски канонирлердің құрамын толықтырады. «Арсеналға» ауысуым халықаралық турнирлерде жаңаша ойнауыма жағдай жасайды. Кельн қаласы мен оның тұрғындары, «Кельн» клубы менің жүрегімнен мықтап орын алды. Сондықтан бұл шешімді қабылдау маған оңай болған жоқ, – дейді Подольскидің өзі. Бұл трансфердің  құны көпшілікке жарияланған жоқ.  «Кельннің» төл тумасы клуб сапында 167 ойын өткізіп, 90-ға жуық сол соққан екен. Биыл Еуропаны өзіне қаратқан Бильбаоның «Атлетикосы» басты ойыншыларының бірін сатуы мүмкін. Биылғы еуромаусым аяқталар тұста футбол мамандары мен жанкүйерлері арасында Фернандо Льоренте клубтан кетеді деген ақпарат «қыдырып» жүрді. Әлемнің үздік командаларының бірі «Барселона»  басшылары Испания құрамасының шабуылшысына деген қызығушылығын жасырмайды. Каталондықтардың спорт директоры Андони Субиссаррета Фернандоны сатып алу қамына кірісіп кетті. Олай болса, биылғы маусымның басты жаңалақтарын тағатсыздана күтетін боламыз. Италияның «Интер» футбол клубы  жаңа шабуылшыға ие болды. «Дженоаны» өрге сүйреген Родриго Паласио енді миландық клуб үшін тер төгетін болады. Бұл ақпаратты «Дженоаның» президенті Энрико Прециози растады. Италиялық Corriere dello Sport басылымының хабарлауынша, аргентиналық шабуылшының «құны» шамамен 11 миллион еуро екен. Сондай-ақ, келісім-шарт төрт жылға жоспарланған. Ағылшын басылымдарының хабарлауынша, Чемпиондар лигасының биылғы жеңімпазы қос футболшысынан айырылады. Португалдық қорғаушы Жозе Босингва мен ивуарлық шабуылшы Саломон Калуды келесі маусымда «Челси » сапынан көре алмаймыз. Босингва 2008 жылдан бастап ақсүйек атанса, Калу 2006 жылдан бастап «Челси» құрамында өнерін көрсеткен екен. Нұршапағат НЕСІПБАЕВ аламан.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Естелік
Серіктес жаңалықтары
×