Қазақстандағы футбол жанкүйерлері өздерінің сүйікті спорты жайлы ақпаратты қандай БАҚ құралынан алады деген сауалнама жариялаған болатынбыз. "Аладоп.кз" сайтының оқырмандары белсенді түрде ат салысып, өз пікірлерін ортаға салыпты. Осы орайда біз сауалнама қорытындысын жариялай кеткенді жөн деп таптық.
1 орынға сайттар шықты. 88 пайыз дауыс жинағанына қарағанда көпшілік қауым футбол туралы ақпаратты ғаламтор арқылы алады екен. Ал қазақстандағы телеарналардан футбол туралы ақпарат алатындар 20 пайыз. Үшінші орында журналдар (10 пайыз). Ал көш соңында газеттер қалып қойыпты. Небәрі 8 пайыз ғана.
Осыдан шығатын қорытынды. Бізде елімізде футбол туралы ақпаратты көбірек тарататын ғаламтор желісіндегі сайттар екен. Орыс-қазақ тілдерінде таза футболға арналған бірнеше сайт бар. Ал қалған ақпаратты жанкүйер қауым шет елдік сайттардан алады.
Қазақстандағы телеарналар футбол тақырыбын жиі қаужамайтындықтан олардың үлес салмағы да төмен. Жақын арада мүмкін спорт жайында арна ашылып жатса бұл мәселеге түзету енетін шығар.
Қазақстанда спорт газеттері баршылық. Бірақ таза нақты футболға арналған газет жоқ. Журналдың да жағдайы мәз емес. Көбінесе орысша басылымдар. Мүмкін алдағы уақытта жанкүйер қауымды ойлайтын ағайындар футбол туралы қазақ тілінде газет те ашып қалар. Әліптің артын бағайық.
Біздің серіктес: FONBET