«Футболда ақша бәрін шешпейді: «Қайрат» тарих жазуға дайын!»

19.08.2025, 17:25

Бірер күннен кейін қазақ футболының аты тарихқа қайтадан жазылады. Себебі: алматылық "Қайрат" өз тарихында алғаш рет, кәрі құрлықтың басты клубтық додасының жалпы кезеңіне өтудің алдында тұр. Осыған орай, AlaDop.kz сайты "Селтик" - "Қайрат" ойыншыларының трансферлік құнын салыстырып, басты ерекшеліктерін атап өтпекші. 

«Футболда ақша бәрін шешпейді: «Қайрат» тарих жазуға дайын!»
"Селтик" ФК

Футболдағы теңсіз дуэль!
UEFA Чемпиондар лигасының плей-офында қазақстандық «Қайрат» Еуропаның алып клубтарының бірі — «Селтикке» қарсы шығады. Бір қарағанда күштер тең түспейтіндей: шотландиялық клубтың трансферлік құны 130 миллион еуродан асса, алматылықтардың бағасы небәрі 10–12 миллион еуро шамасында ғана.

Бірақ футболда бәрі мүмкін!

«Селтиктің» басты жұлдыздары — жапондық Дайзен Маэда (€15 млн) мен америкалық қорғаушысы Кэмерон Картер-Викерс (€14 млн). Ал «Қайрат» сапында жас талант Дастан Сәтпаев (€1,8 млн) пен тәжірибелі Валерий Громыко (€1,2 млн) негізгі үміт артар ойыншылардың қатарында.

📅 Алғашқы матч — 20 тамыз күні Глазгодағы «Селтик Парк» стадионында.
📅 Жауапты ойын — 26 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда.

Бұл тек футбол матчы емес — бұл Қазақстан клубы үшін тарихи мүмкіндік!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×