Футболдағы енді қайталанбайтын бес рекорд

12.03.2015, 18:21
Футболдағы енді қайталанбайтын бес рекорд
daeiҒылым мен техниканың дамыған заманында спорт әлеміндегі рекордтар күн сайын өзгеріп тұрады. Қазір тіпті жаңа көрсеткішке аса таң қалмайтын халге жеттік. Десе де, өзгеру тұрмақ, қайталаудың өзі мүмкін емес рекордтар бар. Біз сөз еткелі отырған рекордтардың барлығы футболға тиесілі. Расымен алдағы уақытта бұл үздік көрсеткіштердің өзгеруі екіталай. Әли Даеи. 1993-2006 жылдар аралығындағы Иран ұлттық құрамасының футболшысы. Осы уақыт ішінде Әли ұлттық құрамасы үшін 149 ойын өткізіп, қарсыластарының қақпасына 109 гол соққан. Әзірге бұл межені өзгертуі мүмкін футболшы Ирландия құрамасының ойыншысы Робби Кин. Биыл 35-ке толатын Робби өз елінің бас командасында 1998 жылдан бері ойнап келеді. Содан бері Ирландия үшін 135 ойын өткізіп, 65 гол соққан. Осы көрсеткішке қарап-ақ Әлидің биігі әзірге ешкімге бағынбайды десек, артық емес. Ең көп гол соққан қақпашыны білесіз бе? Егер Парагвайдың бағына туған атақты Чилавертті атасаңыз қателесесіз. Ол – 2002 жылғы әлем чемпионы, 1997-2006 жылдар аралығындағы Бразилия құрамасының қақпашысы Рожерио Сени. Рожерио 22 жыл футбол ойнап сол аралықта 123 гол соққан. Ал екінші орында тұрған Чилаверттің еншісінде 64 гол ғана. Ендеше бразилиялық қақпашының рекордын жуық арада ешкім бұза алмайды деуге толық негіз бар. Жюст Фонтен. Бұл футболшының есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. Фонтеннің аты бір әлем чемпионатында 13 гол соғуымен есте қалды. 1958 жылы Швецияда өткен мундиальда ол 6 ойын өткізіп, 13 мәрте мергендігімен көзге түскен. Ал жалпы әлем чемпионаттарында ең көп гол соққан германиялық Мирослав Клозенің еншісінде 16 доп бар. Ол бұл көрсеткішке 4 әлем чемпионатына қатысып, 24 ойын өткізіп қол жеткізді. Демек, Жюст Фонтеннің нәтижесін алдағы уақытта біреу қайталайды дегенге сену қиын. Бүгінде УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіп алу Еуропадағы кез келген команданың арманы. Ал осы сайыста екі рет қатарынан топ жару соңғы 23 жылдың ішінде ешбір команданың қолынан келер емес. Ендеше екі рет жеңе алмай жүргенде қатарынан бес мәрте кубокты иемдену туралы ойлаудың да қажеті жоқ. Дегенмен, осы межені бағындырған команда бар. Ол – Испанияның атақты «Реал Мадрид» футбол клубы. 1956-1960 жылдары қатарынан бес рет сол кездегі Чемпиондар кубогы (қазіргі Чемпиондар лигасы) жарысында жеңімпаз атанды. Содан бері тек Мюнхеннің «Бавариясы» мен Амстердамның «Аяксы» қатарынан үш рет жеңіске жетіп, мадридтіктердің рекордына сәл де болса жақындап көрді. Ал турнирдің атауы Чемпиондр лигасы деп өзгертілген 1991 жылдан бері ешқандай команда ең болмаса қатарынан екі рет жеңіске жетіп көрген жоқ. Ендеше бірден бес рет жеңіске жету орындалмайтын арман ғана.

Қазір бір қаланың футбол командасында бірнеше елдің ойыншысы ойнайды. Нәсілі, діні, тілі, ұлты бөлек футболшылар ортақ мүдде үшін «жан беріп, жан алысады». Мәселен, ағылшындардың атақты «Ливерпулінде» ақ та, қара да ойнайды. Командадағы ойыншылардың барлығы сол Ливерпуль қаласының намысы үшін доп тебеді. Ол үшін міндеті түрде ливерпульдік болу шарт емес. Бүгінгі футболдың заңдылығы осындай. Ал тек бір қалада туған футболшылармен Чемпиондар кубогын жеңіп алған команда бар десе, сенер ме едіңіз? Иә, ондай команда бар. Ол – Шотландияның «Селтигі». Бұл команда 1966-1967 жылғы маусымда тарихында алғашқы және әзірге соңғы рет Чемпиондар кубогын иемденді. Сол кезде команда құрамындағы футболшылардың барлығы Шотландия астанасы Глазгоның тумасы еді. Қазір мұндай жеңістің еш мүмкін емесін кез келген жанкүйер жақсы біледі. Тіпті Чемпиондар лигасын тек бір елде туған футболшылармен де жеңіп алуды ойлау артық дүние. Себебі, бұл ақша алдыңғы орынға шыққан бүгінгі футболдың жазылмаған заңдылығына қайшы ұғым. Ендеше глазголықтардың рекорды туралы әлі талай ғасыр айтылары анық. Еламан Қоңыр.

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/03/11/52320
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Астон Вилла
Манчестер Сити
17.30
П1
3.28
Ничья
3.69
П2
2.222
Чемпионат Испании. Примера
12.21
Хетафе
Мальорка
18.00
П1
2.431
Ничья
2.905
П2
3.85
Чемпионат Италии. Серия А
12.21
Торино
Болонья
19.00
П1
3.645
Ничья
3.045
П2
2.424
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хольштайн
Аугсбург
19.30
П1
3.395
Ничья
3.435
П2
2.326
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хоффенхайм
Боруссия Менхенгладбах
19.30
П1
2.461
Ничья
3.685
П2
2.961
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Айнтрахт Франкфурт
Майнц 05
19.30
П1
2.029
Ничья
3.91
П2
3.745
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Штутгарт
Санкт-Паули
19.30
П1
1.556
Ничья
4.685
П2
6.28
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Вердер
Унион Берлин
19.30
П1
2.235
Ничья
3.48
П2
3.56
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Ипсвич Таун
Ньюкасл Юнайтед
20.00
П1
5.24
Ничья
4.225
П2
1.671
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Вест Хэм Юнайтед
Брайтон энд Хав Альбион
20.00
П1
2.886
Ничья
3.79
П2
2.407
×