ФУТБОЛДАҒЫ ҰЛЫЛЫҚ

05.07.2012, 21:41
ФУТБОЛДАҒЫ ҰЛЫЛЫҚ
Гректерге қызыға, қызғана қарадым. Қандай рухы күштi ел. 11 миллион халықтың арасынан таңдаулы 11 футболшы шығып отыр. 2004 жылы Португалияда өткен жарыста гректердiң қайратына қайран қалып, рухының биiктiгiне бас игенбiз. Кiл ортаңқол футболшылардан құралған команданың бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығарып, бiрлiктiң биiк үлгiсiн көрсеткендiгiне қол соғып, қолдау көрсеткенбiз. Грек футболшылары – табандылық пен еңбектiң арқасында футболға үдерiс әкелуге болатындығын дәлелдеген команда. Әрине, шыдамың шексiз, төзiмiң берiк болу үшiн биiк рух керек. 2004 жылы Грекия Еуропа чемпионы болған кезде оларды алтынмен аптап, күмiспен күптеймiз деп уәде еткен ешкiм болмады. Биыл да дәл солай. Тiптi, Грекия үкiметiнде футболшыларына үлкен сыйақы дайындайтын да дәрмен жоқ едi. Халықтың қалтасы қағылып, дағдарыстың дауылы дабыл қаққан. Польша мен Украина жерiне жанкүйерлiк таныту үшiн келген гректердiң де қарасы көп емес. Бiрақ, сонда да грек футболшылары арнасынан асып, бойынан биiк секiрдi. Ақшаға да, абыройға да бай орыстарға опық жегiздi. Ойраны шыққан орыстардың жүйкесi сыр берiп, бапкерi бiр жаққа, футболшылары жаудан күйрей жеңiлген қаралы көштей үзiк- үзiк болып отанына әзер дегенде жеттi. Ел мақтаған Аршавин жанкүйерлердiң жанайқайына төзбей, күллi Ресей жерiн мекендеген ұлт пен ұлысты ашумен «құбыжықтар» дедi. 3ткен додада жартылай финалға дейiн барған орыс футболшылары осылайша жеңiлiстен есiн жия алмай кеттi. Ұжымды алауыздық жайлады. Кiнәнi өздерiнен емес, бiр-бiрiнен iздедi. Биылғы ЕУРО-2012 додасында алауыздықтың салдарынан iргесi сөгiлген, жүйкесi сыр берген командалар көп болды. Мәселен, турнирдiң бас фаворитi саналған Голландия құрамасына қатысты осы пiкiрдi таңып айтуға әбден себеп бар. Дания құрамасына күтпеген жерден басымдық берiп қойған голландиялықтар бiр-бiрiне соғыс ашты. 3зiнiң негiзгi құрамнан құр қалғандығын жыр қып айтқан Ван дер Вартты команда көшбасшысы Өнейдер: «Осындай өзiнiң жайын ғана күйттегендердiң кесiрiнен команда жеңiлiске ұшырады. Командаға жаны ашыған адам мұндай сәттерде iшiнен тынғаны дұрыс», – деп тiк сөйледi. Тiптi, бас бапкер Ван Марвейктiң күйеубаласы Марк Ван Боммельдiң команда капитаны болып сайланғанына да көз алартып қарағандар болды. Осындай кикiлжiң Португалия құрамасының сапында да болды. Португалияның тағдыры бiр ғана Криштиану Роналдудың аяғының ұшына тәуелдi дейтiндер көбейдi. Бұл пiкiр команда сапындағы Луиш Нани сияқты үздiк ойыншылардың шымбайына батып кетсе керек. Жаттығу кезiнде екеуi кикiлжiңге келiп, бiр-бiрiне қарап сөйлеуден қалыпты. Бiрақ, мұндай әрекетпен тек елге күлкi боларын сезген Португалия футболшылары уақытында бiр-бiрiмен қайта қауышып, құшақ айқастырған. Франция құрамасының аспанын швдтермен өткiзген сәтсiз кездесуден кейiн қара бұлт торлады. Ширек финалда Испанияға емес, Италияға қарсы ойнауды мақсат тұтқан команда жарыстан қабағы ашылмастан елiне қайтты. Әзiрге темiрдей тәртiпке бағынған немiстер мен бiр-бiрiмен тонның iшкi бауындай дос испандықтар ғана бәрiне үлгi көрсетуде. Орыс жазушысы Василий Розановтың мынадай бiр жақсы сөзi бар: «Бақытты әрi бай отанды сүю ұлылық емес. Сiз оны әлсiреп, ұсақталып, қорланып, тiптi ақылынан айрылып, азғындыққа ұшыраған кезiнде де сүйiңiз». Осы ретте ұлтты қиын-қыстау сәтте, яки дағдарыстан еңсесi төмен қараған халыққа грек футболшыларының бiрлiктi ту етiп, жұбаныш сыйлағандығы нағыз ұлылық. Қиыншылықта қайрат көрсеткен спортшылар ширек финалда немiстерге жол бергенмен, жеңiмпаз ретiнде елiне оралды. Жоғарыда Грекия елiнiң саны 11 миллион дегендi бекер айтпадық. Қазақстан халқының саны олардан 5 миллионға артық. Бiрақ, кеткен шығын мен төгiлген тердi ақтап жатқан бiзде футболшы жоқ. Көп сарапшылар Голландия құрамасын рухы пәс, қиындыққа тез жығылатын ұжым деп есептейдi. «Қызғалдақтар» құрамасының кейбiр сүреңсiз қимылдарына қарап, осы пiкiрдiң жаны бар-ау деген ойға шомасың. Елдiң әнұраны орындалған сәтте де голландиялықтардың мiзбақпастан тұрған кейпiне қарап, жүрегiн мұз қарығандай әсерде қаласың. Әйтпесе, футболдағы ең мықты орындаушылар осы команда сапында емес пе?ө Кейде елге деген құрмет пен сүйiспеншiлiктiң ойыннан тыс сәттерде де байқалатындығы бар. Тiптi, кейбiр деректер Голландия халқының тек 15 пайызы ғана Әнұран мәтiнiн жатқа бiлетiндiгiн айтады. Ал, бiзде ше?! Биыл Олимпиадаға жолдама алған қазақ спортшыларының Әнұранды жатқа бiлуi тиiс деген талап шықты. Асылы, ұлтты зорлап сүйгiзгеннен пайда жоқ. Жарысқа аттанған әрбiр спортшы өз басының атақ-абыройы үшiн ғана емес, бүтiн елдiң бақытын асқақтату үшiн Әнұранды жатқа соғуы тиiс. Атағын ақшаға айырбастаған келiмсектер де жеке басының мүддесiн бiр сәтке ұмытып, артында жаутаңдап қалған халықтың үмiттi көздерiне жұбаныш әкелуi тиiс. Сондықтан, Әнұран мәтiнiн жаттау қойылған талап емес, әр спортшының мiндетi болуы керек. Жақында Мемлекеттiк хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтiң төрағалығымен спорттағы жоғарғы жетiстiктер мен денешынықтыру iсiн одан әрi дамытуға арналған республикалық кеңес өттi. Сонда Мұхтар Абрарұлы: «Олимпиадаға Әнұранымыздың симфониялық оркестрдiң орындауындағы сапалы түрде жазылған нұсқасын алып барған жөн. Лондон Олим- пиадасындағы жанкүйерлердiң де, жаттықтырушылардың да, спортшылардың да қолына ұстаған байрағы өңiн жоғалтқан емес, әлемдiк стандартпен белгiленген, классификаторда көрсетiлген түсi бар жаңа болуы тиiс. Көк туды көкке көтергенде әр қазақтың кеудесiнде мақтаныш пен отаншылдық сезiм оянса деймiз», – деп Спорт және денешынықтыру iстерi жөнiндегi агенттiк төрағасы Талғат Ермегияевқа қадау-қадау тапсырма бердi. P.S. Еуро-2012 додасында кездесу басталмай тұрып әр елдiң Әнұраны орындалады. Қолын жүрек тұсына қойып, кеудесiн ән кернеп, көзiне жас оралған футболшыларға қарап тамсанасың әрi сабақ аласың. Халықтың арман-тiлегiндей боп Әнұран орындалғанда, жүрекпен сезiп, тебiренiп тұрған футболшылардың жүзiнен ұлылық пен мәдениеттi байқаймыз. Асылы, мәдениеттiң бiр мәйегi – ұлтты шексiз сүю емес пе? Жандос БАЙДIЛДА
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×