Футболдан аула командаларының кезекті кездесулері

05.06.2017, 17:04
Футболдан аула командаларының кезекті кездесулері
%d0%b0%d1%84%d0%b8%d1%88%d0%b0-%d0%ba%d0%b0%d0%b7Маусымның 7-8 күндері, «Спорттық Алматы» осымен жетінші рет аула командалары арасында футбол лигасын өткізбек. Екі күн бойы сегіз жастан жоғары барлық қатысушылар  Жандосова-55/3  көшесінде орналасқан «Нархоз» университетінің футбол алаңында жарыс жолына шығады. Теңбіл доп додасы  «Мaxi чай» қолдауымен, ақысыз, олимпиада жүйесі бойынша  ұйымдастырылады. Футбол әуесқойлары екі жас санатына  бөлінеді – кіші және үлкен. Біріншісі «А» лигасы  – 8 жастан 14 жасқа дейін, ал екіншісі, «Б» лигасы – 15 жастан жоғары. Регламентке сәйкес, әр командада 8 ойыншыдан артық болмау керек, 6 немесе 5 (алаңға байланысты) ойыншы алаңда, қақпашымен қоса. Айта кетсек, маусымның 7-сі күні, 8-14 жастараралығындағы ойындар 10:00-де өтсе, ал маусымның 8-і күні, 15 жастан жоғары командалар арасында сағат 10:00-де басталады. Шағын футболдан турнирлер Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, жастар мен өзге жас санаттындағы қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға қызықтыру, жаппай спорт түрлерінің бірі футболды алып шаһарда насихаттау, сондай-ақ, денсаулықты нығайту үшін қолжетімді әдісті таңдауға көмектесу мақсатында өткізіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен медальдермен мараптталады, сонымен қатар, «Мaxi чай» сусындары табысталады. Сондай-ақ, «Ең үздік қақпашы», «Ең үздік қорғаушы», «Ең үздік шабуылшы» номинациялары бойынша дипломдар беріледі. «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы мегаполистегі спорттың дамуына және белсенді тынығуға бағытталған. Жоба осы атаумен алдыңғы жылы басталып, бүгінде қала тұрғындарын түрлі спорттық шаралармен қуантып келеді. Мекен-жайы: «Нархоз» университетінің футбол алаңы, Жандосова-55/3 көшесі Уақыты: «А» лаигасы  - (7 маусым) сағат 10:00 «Б» лигасы  - (8 маусым) сағат 10:00 Қосымша ақпарат төмендегі нөмірлер бойынша: 8 (777) 250 63 63 - Влад Кузнецов 8 (777) 303 23 83 - Ерлан Сартаев
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×