2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатына 212 елдің жанкүйері барады.
2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатының матчтарына бір миллионнан астам билет сатылды. Турнирге 212 ел мен аумақтың жанкүйерлері келеді. Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Жаһандық дода Солтүстік Америкада 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Турнирге барлығы 48 ұлттық құрама қатысып, олар 12 топқа бөлінеді. Әр топтан алғашқы екі орынды иеленген командалармен қатар, үшінші орын алған үздік сегіз құрама плей-оффқа жолдама алады.
Сонымен қатар, 2026 жылғы әлем чемпионатында жаңа кезең - 1/16 финал енгізіледі.