Футболдан шеттетілген «Аякс» қақпашысы «Интерге» ауысады

05.10.2021, 18:56
Қақпашының жаза мерзімі 4 қарашадан бастап өз күшін жояды
Футболдан шеттетілген «Аякс» қақпашысы «Интерге» ауысады

Допингпен ұсталып, бір жылға футболдан шеттетілген "Аякс" қақпашысы Андре Онана мансабын Италияда жалғастырады.

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, 25 жастағы камерундық қақпашы "Интер" клубымен ауызша мәміле жасасқан. Онана Симоне Индзагидің командасына осы жазда еркін агент ретінде қосылады. Қақпашы "Аякстың" ұсынған жаңа келісім-шартынан бас тартты.

Естеріңізде болса, өткен жылы Онананың денесінен тыйым салынған препарат табылып, бір жылға футболдан шеттетілген еді. Қақпашының жаза мерзімі 4 қарашадан бастап өз күшін жояды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×