«Футболдың бір күні аяқталатынын білдім. “Реалдан” кеттім, себебі балық аулаумен айналысқым келді. Бұл – мен шын мәнінде жақсы көретін ісім.

05.08.2025, 14:43

Мадридтік «Реал», лиссабондық «Спортинг», «Монако» секілді клубтарда және Португалия құрамасының өз заманында үздік ойыншыларының бірі болған Фабио Коэнтрао неліктен футболды қойып, балық шаруашылығына назар аударғанын түсіндірді.

«Футболдың бір күні аяқталатынын білдім. “Реалдан” кеттім, себебі балық аулаумен айналысқым келді. Бұл – мен шын мәнінде жақсы көретін ісім.
Фабио Коэнтрао

«Футболдың бір күні аяқталатынын білдім. “Реалдан” кеттім, себебі балық аулаумен айналысқым келді. Бұл – мен шын мәнінде жақсы көретін ісім.

 

Әкемнің қайығы болатын, бала кезімнен ол мені үнемі өзімен бірге алып жүретін. Демалыс немесе үзіліс кезінде теңіз менің өміріме айналатын. Оның иісі, ау құралдары – бәрі мен үшін таныс дүние еді. “Реал Мадридте” ойнап жүрген кезімде-ақ, футбол мәңгілік емес екенін түсіндім. Уақыт өте келе, жинаған ақшамның арқасында алғашқы қайығымды сатып алдым.

 

Әлемнің ең үлкен стадиондарында ойнағаннан кейін Кашиньяшка қайтып келіп, балықшы болуды қалауым – көп адамға ессіздік сияқты көрінді. Бірақ мен бұны ешқашан артқа шегіну деп қабылдаған емеспін. Бұл менің тамырыма қайта оралуым еді. Қазір менің үш қайығым бар, 45 адам мен үшін жұмыс істейді. Ал мақсатым – қырық жасқа дейін флотымда он қайық болу.

 

Балық аулау – жай ғана жұмыс емес, бұл – өмір салты. Мен әрдайым айтамын: теңіз арқылы күн көруде ұят ештеңе жоқ. Керісінше, нағыз ер адамдар – күн сайын теңізбен бетпе-бет келетіндер. Мен бақыттымын. Футбол – орындалған арманым еді, бірақ менің өмірімді әрқашан теңіз айқындап келді».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×