Конференция Лигасының люксембургтық “Дифферданжға” қарсы кездесуінде қарсыластын бір емес үш пенальтиін сәтті қайтарған “Ордабасы” қақпашысы Бекхан Шайзаданың футболға келуінің өзі бір қызық жағдай болған.
"Ордабасының" кешегі "Дифферданжға" қарсы кездесуінде ойын соңындағы пенальтилер бәсекесінде қаһарман атанған Бекхан Шайзада 1998 жылдың 28 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында дүние есігін ашады. Жеті жасына дейін футболға мүлдем қызықпаған ойыншының спортқа келуіне достары ықпал болыпты. Жанына жақын ойын балаларының артынан ілескен Бекхан жергілікті футбол үйірмесіне қатысып бастайды. Ол басында қорғаушы позициясында ойнаған. Содан кейін Англияға оқуға барған команда бапкері ауданға құр алақан келмей өзімен бірге қақпашы қолғабы мен допты ала келеді. Спорттық снарядты қақпашыға қағып алуына мүмкіндік туғызатын қолғапты көргенде ауыл балаларының көзі оттай жаңады. Соның арасында Бекхан Шайзадада бар. Экипировка біреу, бірақ оған үміткерлердің көп екеніне көзі жеткен бапкер болашақ футболшыларға өзіндік сынақ ұйымдастырады. Онда қос қақпаға жақсы тұрған ойыншы осы қолғапқа қол жеткізеді деген тапсырма тұрды. Нар-тәуекел деп жаңа позицияда бағын сынап көрген Шайзада көптің арасынан бөлініп шығады. Қақпаға бағытталған соққыларды сәтті тойтарып тұрған жас балаға бапкер уәде етілген қолғапты тапсырады. Содан бері Бекханның арманы үздік қақпашы атану болды. Соның жетегінде Шайзада “Ордабасының” жастар командасында өнер көрсетіп, кейінірек шымкенттік ұжымның негізгі ұжымына шақырту алады. Қақпашының Премьер-лигадағы дебюты 2018 жылы “Қайратқа” қарсы ойынға жоспарланды. Сол жылы Бекхан 5 ойын өткізіп, 3 гол жіберді. Келесі жылы матчтар саны 1 азайды. Тек 2021 жылы “Ордабасы” Шайзада көп сенім арта бастады. Соның арқасында Шымкент командасы өткен маусымда ел чемпион болғанын сізбен біз жақсы білеміз. Қақпашы кәсіби футболға аяқ басқалы “Ордабасы” құрылымында жалпы алғанда 136 матч өткізген екен. Бекхан негізгі ұжымда ең көп матч өткізген қақпашылар тізімінде Алмат Бекбаевқа жетіп қалғанын айта кетейік. 88 ойында 107 гол жіберген ойыншы тізімде 2 орында келеді. Ал көш басында футбол жұлдызы Килиан Мбаппенің пенальтиін қайтарған Александр Мокин келеді. Ардагер футболшы жалпы алғанда “Ордабасы” үшін 101 ойын өткізген. Шайзадаға оралсақ, 26 жастағы қақпашы 81 матч өткізген. Және Алматпен салыстырғанда, Бекхан гол өткізу көрсеткіші бойынша жақсы өнер көрсеткен. Мәселен, Бекбаев 80 ойында 100-ден астам гол жіберсе, ал Шайзада одан 10 голға төмен. Премьер-лигадағы ең мықты ұжымдардың капитаны болып, командасын алға сүйреп келе жатса да, Бекхан құрама сапында жиі алаңда бой көрсете алмай жүр. 2024 жылы алғаш рет негізгі командаға шақырту алған оңтүстік өңірдің тумасы осы уақытқа дейін тек 1 ойын өткізді. Бұған себеп экс-бапкер Магомед Адиевтің “Шахтерден” бірге жақсы таныс Игорь Шацкийге таңдау жасауында. Оның үстіне қақпашыларымыздың бапкері Ситалода шешуші сәтте Шацтың бабында екенін алға тартып жүр. Осыдан кейін Бекхан қосалқы құрамда өз мүмкіндік күтумен болды. Ендігі кезекте ел командасы тізгінін ұстаған Станислав Черчесов алдағы ойындарға Шайзаданы алаңға шығаруы мүмкін. Соңғы кездері ойыны жүрмей тұрған Шацкий кездесулерге шықпастан бұрын, мансабын аяқтап кетуі де ғажап емес. Әрине, сөз құрама жайында. Әйтпесе Игорь 1-2 маусым командалық деңгейде өнер көрсетуге шамасы бар. Алдағы уақытта Бекхандай қақпашы Қазақстанға керек. Қарсыластың эмоциясымен ойнай алатын Шайзада пенальти қайтарудың шебері деп айтсақ қателеспегеніміз. Мәселен, кешегі фиериялық кездесуден кейін “Ордабасы” ойыншысы Сағадат Тұрсынбай жаттығу барысында Бекханға 11 метрден гол соғу мүмкін еместігін айтыпты. Көптеген қақпашылардың қолынан келе бермейтін істі жасаған 26 жастағы ойыншыға кезінде Түркия клубтары қызыққан. Бірақ Шайзада жүрегінің командасына айналған “Ордабасыда” қала берді. Осындай ақпараттарды негізге алып, Шайзада мансабын Шымкентте аяқтайма деп ойлайсың. Бұл жақта оны жанкүйерлер жақсы көреді, құрметтейді. Оның үстіне “Ордабасыда” ол көшбасшы. Осының барлығын тастап кету оған оңайға соқпасы анық.
Біздің серіктес: FONBET