Футболға оралуы екіталай болған ойыншы “Атырау” командасы қаралымына келді

Өткен маусымда “Жетісай” ФК капитаны болған Дәурен Мажитов бүгінде мұнайшылармен бірге ОЖЖ өткізуде.

Футболға оралуы екіталай болған ойыншы “Атырау” командасы қаралымына келді

29 жастағы қорғаушы үшін “Атырау” командасы бөтең емес. Себебі, қорғаушы осы клубта кезінде тәлім алып, үлкен футболға қадам басқан. Дәурен жасыл жейделі ұжымда 2014 пен 2017 жылдар аралығында өнер көрсетті. Алайда 2019 жылы Мажитов жантүршігерлік жол апатына түсіп, бел омыртқасын қатты зақымдайды. Дәрігерлер оның футболға оралу мүмкіндігін төмен бағаласа да, Дәурен күш жинап “Атырауға” қайта қосылды.

2023 жылдан бастап Қазақстан жастар құрамасының экс-капитаны “Жетісаймен” келісімге келіп, онда барлығы 53 матч өткізді. 

Түркістан облысы ұжымының қаржылық тоқырауға ұшырауымен, команданың барлық ойыншылары жан-жаққа тарап кетті. Дәурен Мажитовта өзінің туған ұжымына қайта оралыпты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×