Футболшылар мен жанкүйерлердің не кінәсі бар? Сарапшылар «Қайраттың» билет бағасын тағы сынға алды

20.10.2025, 17:12

«Аладоп.кз» «Қайрат» - «Пафос» кездесуінің қарсаңында белгілі бапкер Алмас Құлшынбаевпен сұқбаттасып, маңызды матч туралы болжамын, билет бағасы мен басқа да дүниелер төңірегіндегі ойын білді.

Футболшылар мен жанкүйерлердің не кінәсі бар? Сарапшылар «Қайраттың» билет бағасын тағы сынға алды
"Қайрат" футболшылары

«Реалмен» болған ойынның жөні бөлек. Әлемдегі ең танымал команданы тірідей көру үшін жұрттар соңғы тиынын берсе де барды. Сондықтан, билет бағасының шарықтап, алып-сатарлардың жүгіргені де түсінікті және одан қаша алмайсың. Мұндай барлық жерде бар – билетті бір бағаға алып алып, үстінен қосып сату бүкіл әлемдегі жағдай. Ал «Пафос» мүлде топ-клуб емес қой, ертеңгі матчқа белгіленген билеттер сәл қымбат көрінді жеке өзіме. Түсінікті әрине, «Қайрат» жекеменшік клуб, баға саясатында тәуелсіз деген сөз. Өзі би, өзі қожа былайша айтқанда. Әйтсе де, қалған кездесулердің билет бағасын кішкене түсіруі керек пе еді... Осы ойынның алдында талай әңгіме жүрді, жанкүйерлер жаппай бойкот жариялайды дегенді де естіп жатырмыз. Бұл ситуацияда футболшылар мен бапкерлердің кінәсі жоқ. Сол үшін мүмкіндігінше ертең стадион толып тұрса дейміз. Дегенмен, иә билеттер біраз қымбат болуда. Басқа елдердің де мысалын келтіріп жатыр ол жақтарда анағұрлым арзан деп. Сондықтан, «Пафос» сияқты қарсыласқа қарсы матчтардың билеттерін сәл арзандатқан жөн», - деді А. Құлшынбаев.  

ЧЛ жалы кезеңі аясындағы «Қайрат» - «Реал» матчы ертең болады. Алматылық клуб екі турдан кейін ұпай еншілей алған жоқ. Соңғы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×