Футболшылардың қызықты ырымдары

14.01.2019, 08:36
Футболшылардың қызықты ырымдары
Футболдағы наным сенімдер мен ырымдар жайлы қызықты тақырыпты қозғап көрсек. Кез-келген спортшы үшін бұл маңызды әрі қызықты жағдай. Кейбір ойыншылар жұбайын сырт алаңдағы ойынға апаруды жөн санамаса, кейбіреуі автобус жүргізушісіне артқа жүрмеуін өтінеді. Себебі, оның барлығы жаман ырым. Ырымда берік ұстанатын футболшылар біздің біріншілікте де баршылық екен. Сервер ДЖЕПАРОВ-Өзбекстан құрамасының жартылай қорғаушысы Мен футболға аяқ басқалы бері ең алдымен бутсыйды сол аяқтан бастап киемін. Бірақ, мұны мен ырым емес әдет деп есептеймін. Дегенмен, осы әдет маған жақсы нәтижелер әкелетіндей болып тұрады. Педро ЭНРИКЕ «Астана» ФК жартылай қорғаушысы Кейде бір аяқ киімді үш ойын қатарынан киіп, үшеуінде де гол соқпасам, онда оны міндетті түрде ауыстырамын. Максим Федин-полузащитник ФК «Тобол» Мен өзімді қатты ырымшыл адаммын деп ойламаймын. Алайда, өара мысық жүгіріп өтсе бірден секем алып қаламын. Ал футболға келгенде матч алдында туыстарымның біразымен телефон арқылы сөйлесіп шығатын әдетім бар. Футболшылардың түгелі ырымшыл деуден аулақпыз. Ондай оқиғаларға көп бас қатыра бермей, тек алаңдағы ойынды ғана ойлайтындар да жетерлік. Евегний ПОСТНИКОВ- «Астана» ФК қорғаушысы Менде ешқандай ырым жоқ. Дмитрий ШОМКО-«Астана» ФК қорғаушысы Менің де қатты бір сенетін ырымым жоқ. Максим Жалмағамбетов-Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Егер сіз жақсы футболшы болсаңыз онда ырымдар сізге кедергі болмауы тиіс. 21 жасқа дейін менде кейбір ырымдар болған. Ал кейіннен ойынға толық дайын болсаң басқа ештеңе де кедергі келтірмейтінін сездім. Кездейсоқ оқиғаны айналып өте алмайсыз. Көптеген футболшылар ойын алдында ырымдар жасайтыны белгілі болды. Бірақ, кейбір ойыншылар сол ырымдарын жарияға паш етудің өзінен қорқады екен. Сергей МАЛЫЙ- «Астана» ФК қорғаушысы Ырым деген кез-келген адамда болады. Және ол менде де бар. Бірақ, менің ойымша бұл жеке адамның өзінің шаруасы болуы қажет. Мен өз ырымымды айтқым келмейді. Әлемдік футболда ырымдардың не түрі бар. Қақпашылардың біразы матч алдында қақпаның қос бағанын сүйіп шығады. Ал Месүт Өзіл болса ойын алдында Құран Кәрімнің бір сүресін оқып шығады. Ол кезде әріптестері оған еш кедергі келтірмейді. Ал Әлем футболындағы арда ұлдың бірі Йохан Кройфф матч алдында әріптесінің бірін ішінен тебеді екен. Мыңдаған ойыншы ырымға сеніп жатса, демек оның астарында бір күш бар да шығар.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×