Футболшыны көндірген Станислав Черчесов пе? Ғалымжан Кенжебектің трансферіне қатысты ақпарат белгілі

09.01.2026, 12:14

Ғалымжан Кенжебек ресейлік «Ахматқа» ауысу алдындағы міндетті рәсімдерден сәтті өтті.

Футболшыны көндірген Станислав Черчесов пе? Ғалымжан Кенжебектің трансферіне қатысты ақпарат белгілі
Ғалымжан Кенжебек

Атап айтсақ, қазақстандық жартылай қорғаушының медициналық тексерістен ойдағыдай өткені белгілі болды. Бұл туралы «ASnews.kz» хабарлады.

«22 жастағы футболшы 7 қаңтар күні Мәскеуге ұшып келіп, Грозный клубының өкілдерімен кездесті. Алдағы күндері Кенжебек «Ахмат» ойыншысы ретінде таныстырылады. Қазақстандық футболшы ресейлік клубпен жаңа жылға дейін-ақ келісімшартқа отырған еді. Клуб таңдау кезінде «Ахматтың» бас бапкері Станислав Черчесовтың қоңырауы маңызды рөл атқарды. Оның жетекшілігімен Кенжебек Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен болатын», - делінген сайт хабарламасында.

Ғалымжан Кенжебек мансабында «Қайрат», «Мақтаарал», «Жеңіс», «Елімай» және «Кошице» (Словакия), «Акритас Хлоракас» (Кипр) командаларының намысын қорғаған. Қазақстан құрамасының сапында Станислав Черчесов бапкерлік еткен кезде жарқын ойынымен есте қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×