Футзалдағы легионерлерге мемлекеттік бюджеттен жалақы төленбейтін болды

20.04.2024, 17:59

Келесі маусымнан бастап мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылып келген ішкі чемпионаттың командалары легионерлердің жалақысын өз қалталарынан төлеуі міндеттелді.

Футзалдағы легионерлерге мемлекеттік бюджеттен жалақы төленбейтін болды

Сол себептен мемлекеттік бюджетке күні түсіп отырған ұжымдар өз легионерлерінің жалақысын төлеу үшін қосымша серіктестер және демеушілер іздестіруге көшті. 

Бұл заңдылық “Семей” футзал клубына қатысты емес. Өйткені аталған ұжым ішкі чемпионатта жеке меншік ұжым ретінде тіркелген. “Семей” Феррао және Рикардиньо сынды жұлдызды легионерлерінің жалақысын өз бюджетінен төлеуге қауқары бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1

Тегтер:

футзал
Серіктес жаңалықтары
×