Футзалдағы Шыңғыс

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
19.05.2020, 04:50
Шыңғыс Есенаманов қазақ футзалында ерекше орын алатын тұлға.
Футзалдағы Шыңғыс

Ол 11 жыл бойы «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының намысын қорғап келеді. Карантиннің кесірінен көптеген спортшы жаттығу жасаудан қалды. Сондықтан Шыңғысқа қойған алғашқы сауалымыз осы жайында болды.

Шыңғыс ЕСЕНАМАНОВ, «Қайрат» АФК шабуылшысы:

- Бабымды жоғалтқан жоқпын деп ойлаймын. Жеке дара жаттығулар жасап жүрмін.

Есенаманов құрама сапында 70тен астам ойын өткізді. Футзалшы үшін бұл үлкен көрсеткіш. 2009 жылы Қазақстан құрамасы әлемдегі үздік командалардың бірі болатын. Есенаманов сол кездегі жетістіктердің басы-қасында болды. Сол 11 жылдың ішінде құрамамыз қалай өзгерді?

- Құрама команда түбегейлі өзгерді. Мен 20 жасымда жастар құрамасынан ауысып келген едім. Содан бері құраманың келбеті өзгерді. Еліміздің абыройы үшін ойнап жүргеніміздің арқасында үлкен белестерді бағындырдық.

Шыңғыс Есенаманов екі баланың әкесі. Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарап Шыңғыстың балаларды жай қыдыртпай, сонымен қатар жаттықтыратынын да байқадық. Есенаманов балаларының аман-есен өскенін қалайды.

- Әрине баланың әке ізін жалғағаны дұрыс қой. Балаларым футболшы болсын деп армандаймын. Бірақ, мен оларды қинып жаттықтырмаймын. Ең бастысы жақсы адам болып қалыптасса да жетеді.

Футбол сарапшыларының көбісі кіші футболды үлкен футболға қарағанда қиын деп санайды. Футзалда шешім қабылдап, ойынды көре білу тұсу өте жылдам жүреді. Тіпті кейбір матчтар кезінде режисерлер футзалшыларды түсіріп үлгермей қап жатады. Бұл пікірдің қалыптасуы неден шыққан?

- Үлкен футболда бір орында тұрып ойланып алуға да болады. Футзалда барлығы қас-қағым сәтте өрбиді. Футзалшыларға үлкен футбол ойнау қиынға соқса, үлкен футбол ойнайтындар да футзалға келгенде қиналып жатады.

Есенаманов қарағанды қаласының «Тұлпар» клубының түлегі. 2015 жылға дейін Шыңғыс «Тұлпар» жейдесінде өнер көрсетті. Осы командада ол шеберлігін арттырды. Ауыр соққы жасауды, қорғаушыдан допты тартып алуды осында жүріп үйренді. Қазір ол клуб жоқ болса да біз Шыңғыстан спортты туған командаңда аяқтағың келер ме еді деп сұрадық.

- Ол команда маған көп нәрсені үйретті. Мені футболшы қылып тәрбиеледі. Қазір бұл клуб жоқ. Сондықтан да ол жайлы сөз қозғаудың өзі мен үшін ауыр болып тұр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×